Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері аштық жариялады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2021 15:32 видеодан алынды
Заңгер комбинатты қолдан банкрот етуге әрекет жасалып жатыр деп пайымдайды. Ондағы мақсат - басқа шетелдік инвесторға өткізіп беру көрінеді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Обухов тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері нәр татпағалы бүгін тоғызыншы күн. Комбинат құрылтайшысының айтуынша, олар өндірген өнімдерін тәркілеп, электр қуатынын ажыратқандарға осылай наразылық білдіруде. Кәсіпорын жұмысшалылары екі айдан бері жалақы алмаған, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Цирконий концентратын өндіретін Обухов тау-кен байыту комбинатының 400 -ден астам қызметкері мен мердігері жұмыссыз қалды. Кәсіпорын құрылтайшысы, БАҚ өкілдеріне осыны жеткізді. Олар соңғы екі айдан бері жалақы да алмаған. Оның себебін басшылық кен орнынан шыққан барлық өнімдердің тәркіленгенімен түсіндірді. Электр қуатын қасақана өшіріп, өндірісті толық тоқтатқандардың кесірі деді. Сондай-ақ, шахта банкроттық дәрежеге жеткенін жеткізді.

Виктор ДОЛГАЛЕВ, ОБУХОВ ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

2019 жылға дейін жұмыс істей алмадық, себебі 2017 жылдың жазынан бастап өндірістегі жұмысты қалпына келтірдік. Одан кейін екі кәсіпорнымыз жұмыс істей бастады. Осы толық емес бір жарым жылдың ішінде біз жалпы сомасы 780 млн теңге болатын салық төледік.

Обухов тау -кен байыту комбинаты - цирконий концентратын өндіретін әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Виктор Долгалевтың айтуынша, керек кезде келісімге отырған серіктестері оны жұмыстан шығарып, зауытқа кіргізбеген. Соған қарамастан қарызды өтеп, комбинатты қалпына келтірген кезде бұрынғы қожайындары пайда болды дейді. Олар акцияларын шетелдіктерге сатып жіберген деп қосты. Заңгердің пайымынша, мемлекеттік құқық қорғау органдары да шетелдіктердің мүддесіне жұмыс істеуде.

Абзал ҚҰСПАНОВ, АДВОКАТ:

Бұл жерде мемлекеттік органдар құқық қорғау органдары керемет жұмыс жасап, бүкіл жұмысшыларының да, мемлекеттің де салығын төлеп, еңбекақыларын төлеп жатқан адамға қатысты неше түрлі кедергілер жасапа бастайды. Тауарларды ұстап қалады. Енді келіп қазір электр энергиясынан айырып тастады. Бұның бәрі не үшін жасалынып жатыр? Бұл өндіріс орнының жұмыс жасамауы үшін.

Солтүстік Қазақстан облысындағы тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері мәселеге билік назар аудармайынша, аштықты жалғастырамыз дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: