Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында бір шенді өлі табылды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2021 17:12 pixabay.com
Алдын ала болжам бойынша, ол өз көлігінің жанында атылып қалған.

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы өлі табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Талас аудандық әкімдігі қайғылы оқиғаның 2 қыркүйекте Қаратауда болғанын растады.

Талас облысы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Кемелұлы Берік өз көлігінің жанында атылғаны, оған тиген оқ марқұмның атына тіркелген қарудан атылғаны анықталды. Аталған мән-жайлар бойынша тергеу жүргізілуде, - деді Талас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыстық әкімдік хабарлағандай, "осы бөлімнің бұрынғы бастығы Нұрлан Күдертаевқа қатысты тергеу өткен жылдың аяғында басталып, бүгіндері ол қамауда отыр".

2 қыркүйекте Талас аудандық ішкі істер бөліміне Қаратау көшелерінің бірінде оқ жарақаты бар белгісіз ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері бұл адамның аудан тұрғыны екенін анықтады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін істің басқа мән-жайы жария етуге жатпайды, - дейді Талас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: