Солтүстік Македонияда "ковид" аурухана өртеніп, 15 адам опат болды
zakon.kz
Өрт кезінде 15 адам өлім құшып, тағы 20-сын қатты күйік шалған.
Солтүстік Македонияның Тетово қаласында коронавирус науқастарды емдеуге арналған аурухана өртенді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бесінші арнаның (ресейлік) хабарлауынша, жалын бірнеше минут ішінде бүкіл ғимаратты шарпыған.
Телеарна мәліметінше, 15 адам өлім құшып, тағы 20-сын қатты күйік шалған.
Науқастар көршілес Скопье қаласындағы ауруханаларға жеткізілді.
Ондаған өрт сөндірушілер өртті сөндіруге бірнеше сағат жұмсаған. Кей мәліметтерге сәйкес, оттегі цилиндрінің жарылуы өртке себеп болған.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript