Қытайдағы көкөніс базарында бірнеше адам тірідей өртенді

Қытайдың солтүстігіндегі Чжанцзякоу қаласындағы көкөніс базарында өрт шықты. Өрт кезінде сегіз адам қаза тауып, тағы 15 адам күйік шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға таңғы 8:40 шамасында болған.
"Өрт таңғы сағат 8:40 шамасында көкөністер мен басқа да қажетті тауарлар сатылатын базарда тұтанған. Өрт сөндірушілер, сондай-ақ жедел әрекет ету топтары мен дәрігерлер оқиға орнына тез арада жетті", — делінген хабарламада.
Бұған дейін Таразда жаңа мектепте өрт шыққаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript