СҚО-да велосипед мінген қызды КамАЗ басып кетті
СҚО ПД баспасөз қызметі
Бала көз жұмды.
Петропавлдың іргесіндегі ауылда КамАЗ жүк көлігі велосипед мінген баланы қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы 14 қыркүйекте таңертең Петропавл – Жезқазған тас жолының 953-ші шақырымында болды.
СҚО ПД хабарлағандай, 12 жастағы велосипедші жүк көлігінің дөңгелегінің астында қалған. Оқиға орнына Қызылжар аудандық ПБ-нің жедел-тергеу тобы аттанды. КамАЗ рөлінде болған 31 жастағы жүргізушінің Петропавл қаласына қарай бара жатқаны анықталды. Сол бағытта велосипед мінген бір топ бала "Газель" көлігінің сүйемелдеуімен әуежайдан келе жатқан.
Жол апатының салдарынан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша қаралады, делінген хабарламада.
Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша апаттың мән-жайы анықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript