Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады

facebook.com / Berik Uali, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2021 17:46 facebook.com / Berik Uali
Жиын тікелей эфир Хабар 24” телеарнасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11:30-да беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және ҰҚШҰ мен ШЫҰ құрамындағы елдер басшыларының отырысына қатысады, деп жазды Facebook-те Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Ол Президенттің баспасөз қызметі Душанбе қаласында өтетін іс-шараларды тікелей эфирден көрсетуді ұйымдастыратынын айтты.

Тікелей эфир “Хабар 24” телеарнасы арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 11:30-да беріледі, деп жазды Берік Уәли.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: