Түркістанда көшеде жас қыз соққыға жығылып, тоналды

piqsels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2021 17:43 piqsels.com
Полиция күдіктіні 24 сағат ішінде анықтап, ұстады.

Түркістанда біреулер көшеде жас қызды ұрып-соғып, тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жас қыздың өзі полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оны көшеде тоқтатып, ақша беруді талап еткен. Осыдан кейін шабуылдаушылар қызды ұрып-соғып, қалтасынан ұялы телефон мен 20 мың теңгесін, білегіндегі алтын білезігін күштеп тартып алып кеткен. Полиция күдіктіні 24 сағат ішінде анықтап, ұстады. Полиция бөліміне жеткізілген ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктіден тәркіленген ұялы телефон мен алтын білезік заңды иесіне қайтарылды, - деп хабарлады Түркістан облыстық ПД.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қарақшының осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: