Пхукеттегі Қызыл шамдар ауданында туристі өлімші етіп соққыға жығып кеткен

Пхукеттегі Қызыл шамдар ауданында туристі өлімші етіп соққыға жығып кеткен , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 10:47 Сурет: pixabay
Таиландта британдық турист қаза тапты. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Express басылымының жазуынша, 57 жастағы Ливерпуль тұрғыны Алан Роджер Джоллифф сәрсенбі күні кешке Пхукеттегі Прачанукра көшесімен келе жатқанда бір топ ер адаммен жанжалдасып қалған.

"Австралия азаматтығы да болған турист бетінен соққы алған, салдарынан жерге құлап түскен. Шабуыл жасағандар оқиға орнынан шамамен жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де, аралдағы атышулы "Қызыл шамдар" ауданына жақын маңда қашып кеткен",- делінген ақпаратта.

Дәрігерлер жедел түрде жеткенімен, туристі аман алып қалу мүмкін болмаған.

Күдікті адам өліміне әкелген шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынды.

Бұған дейін Бразилияда туристер толы кеме суға кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: