Самара-Шымкент тас жолында трактор жол апатына түрткі болды
Ақтөбе облыстық ПД
Анықтай келгенде, трактор жүргізушісі мас болып шықты.
Мас трактор жүргізушісі Самара - Шымкент тас жолында жол апатына ұшырады, деп хабарлайды zakon.kz.
20 қыркүйек күні сағат 09: 30-да Самара - Шымкент тас жолында МТЗ -80 тракторы қосалқы жолдан шығып негізгі жолда келе жатқан көлікке жол бермей, Лада -21154 көлігімен соқтығысып, жол қозғалысы ережесін бұзды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.
Трактор жүргізушісінің мас күйде болғаны медициналық сараптамада анықталды.
Полиция анықтағандай, бұған дейін де тракторшы мас күйінде көлік жүргізіп, жүргізуші куәлігінен айырылған.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша лауазымды қызмет атқару және кез келген қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript