Нұр-Сұлтанда жол апатынан бір адам ауруханаға жеткізілді
pixabay.com
Оқиға 22 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болды.
Нұр-Сұлтанда орын алған оқыс оқиғадан бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.
22 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында Момышұлы даңғылымен келе жатқан "Лада" автокөлігінің жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Тоқпанов көшесіне бағыт алып келе жатқанда рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып, Toyota көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Апат салдарынан екі жүргізуші де түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер тексергеннен кейін Toyota жүргізушісі жіберіліп, екінші адам ауруханаға жатқызылды.
Тергеу жүргізілуде.
Жайна Тәттімбетова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript