Атырауда интим мен боди-массаж жасайтын қыздар ұсталды
polisia.kz
Тәртіп сақшылары 10-нан астам жеңіл жүрісті қыздарды есепке алды.
Атырауда боди-массаж ұсынған 3 әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысы аумағында 19-24 қыркүйек күндері адам саудасына байланысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында полицейлер моншалар мен қонақ үйлерді, ойын-сауық ғимараттарын және тағы да басқа жезөкшелер мен притондардың болуы мүмкін орындарды тексерді.
Нәтижесінде, тәртіп сақшылары 10-нан астам жеңіл жүрісті қыздарды есепке алды. Олардың басым көпшілігі ғаламтордағы сайт арқылы жыныстық қызметтер көрсетумен айналысып келген.
Ал үш әйел қаладағы қонақүйлердің бірінің саунасында интимдік қызмет көрсеткен жерлерінен анықталып, ұсталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде массаж салонынан боди-массаж қызметін көрсеткен 3 әйел анықталып, профилактикалық есепке қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript