Жаңалықтар тізбегі
0

Astana LRT ісі: Экс-депутаттан басқа сотталушылардың барлығы аштық жариялады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2021 15:33 zakon.kz
Ал экс-депутат әрі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, сегіз жылға сотталған Жанат Нұрпейісов аштықтан денсаулығына байланысты бас тартыпты.

Astana LRT ісімен сотталғандар аштық жариялады Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады. Олар апелляциялық сатыдағы істі қарау отырысына қосуды талап етіп жатыр. Барлығы да елордадағы ЕЦ 166/1 жазасын өтеу мекемесінде отырғандар, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Аштықты 8 жылға бас бостандығынан айырылған Ұлықбек Ачилов жексенбі күні бастап кеткен. Ачилов колония басшысы мен Бас прокуратураға және сотқа жолдаған хабарламасында апелляция шағымын қарау барысын онлайн-трансляция арқылы көрсетуді талап еткен. Сотталушы сотқа тікелей қатысып, өз ойын айту мүмкіндігін сұрапты. Ұлықбек Ачилов кезінде Astana LRT-ның қосалқы мердігері "НурТрейд" серіктестігінің директоры болған. Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған мердігердің өкілі Тимур Қасабаев, жеті жылға түрмеге тоғытылған Astana Инновейшенстің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшім де аштық жариялап жатыр. Ал экс-депутат әрі Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы, сегіз жылға сотталған Жанат Нұрпейісов аштықтан денсаулығына байланысты бас тартыпты. Бұған дейін апелляциялық шағымды қарау кезінде Талғат Әшімнің адвокаты клиентінің жүрек талмасы ұстағанын хабарлаған. Аштық жариялағандардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Ақтоты Бекенова, Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметімен байланыс жөніндегі маманы:

- Мекеме әкімшілігіне, оның ішінде іс материалдарымен танысуға қатысты еш наразылық жоқ. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" ҚР Заңының 41-бабының талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы себебін анықтау, сондай-ақ қылмыстық істі жүргізіп жатқан органды, Нұр-сСлтан қаласының прокуратурасын хабардар ету жөніндегі шараларды қабылдады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: