Жаңалықтар тізбегі
0

Daewoo Nexia жүргізушісі бір отар қойды қағып, 14 бас мал өлді

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2021 16:09 polisia.kz
Бұл оқиға 24 қыркүйекте болған.

СҚО-да "Daewoo Nexia" жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті: 14 бас мал өлді, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиға 24 қыркүйекте сағат 12.50-де Петропавл-Жезқазған автожолында аудан орталығы Явленка селосының маңында болған.

Анықталғандай, Daewoo Nexia-ның 51 жастағы жүргізушісі 41 жастағы жолаушысымен бірге Петропавл қаласынан Шал ақын ауданына бет алып бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы "Мал айдау" жол белгісінің аумағында орын алған. Салдарынан 14 бас мал өлді. Жүргізуші мен жолаушы аман.

Есіл ауданы ПБ бастығы Ерлік Есләмбеков хабарлағандай, алынған медициналық куәландырудың нәтижесіне сәйкес Daewoo Nexia жүргізушісі – мас емес. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша материал жиналды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Бұл – жыл басынан облыс жолдарында малдың қатысуымен тіркелген екінші жол-көлік оқиғасы. Жалпы, СҚО-да сегіз айда 100-ден астам жол апаты тіркелді, салдарынан 20 адам көз жұмып, 149 адам жарақаттар алды.

Полицейлер жүргізушілерге жол үстінде аса сақ болуға кеңес береді. Көлік тізгіндеу кезінде өте мұқият болу қажет, жол белгілеріне де мән берген абзал. Сондай-ақ, жолдарда үй жануарларының ғана емес, түз жануарларының да кенеттен пайда болуына дайын болу керек. Бұл әсіресе, түнгі уақытта және маусымаралық шақта; күзгі жауын-шашында, көктайғақта маңызды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: