СҚО-да жеңіл көлік бір отар қойды жапырып кетті - 14 қой өлді
Сурет: zakon.kz
Оқыс оқиға Тайынша ауданының Кременчуг ауылының маңында болған. Қой жаппай қырылып, жол бойында шашылып қалды.
11 қазанға қараған түні Нұр -Сұлтан-Петропавл тас жолының 370 шақырымында ВАЗ 2115 автокөлігі бір отар қойды жапырып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Оқыс оқиға Тайынша ауданының Кременчуг ауылының маңында болған. Қой жаппай қырылып, жол бойында шашылып қалды.
Полицейлер көлікті тізгініндегі 36 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны жануарларды тек қатты жақын келген кезде байқағанын, туындаған жағдайға сай әрекет етіп үлгермей қалғанын айтты. Соқтығысу салдарынан 14 бас мал қырылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, көлікке зақым келді.
Жолға шығып кеткені үшін өлген қойлардың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы, 2-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды.
Дәл осындай жол апаты қыркүйек айының соңында Есіл ауданының аумағында болды. Полиция қызметкерлері мұндай жайттардың алдын алу үшін малды беталды жаю фактілерін тыю бойынша жұмыс жүргізуде, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы - полиция подполковнигі Айдын Байматов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript