Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау әуежайында темекі тартқан Грузия азаматы айыппұл арқалады

Көліктегі полиция департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2021 23:41 Көліктегі полиция департаменті
Дәл сол күні екі қазақстандық азамат әуе кемесінің бортында темекі тартқаны үшін Алматы әуежайында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау әуежайындағы Желілік полиция бөлімшесіне "Атырау-Кутаиси" әуе рейсінің 20 жастағы жолаушысы отырғызу кезінде әуе кемесінің жанында темекі шеккені туралы хабарлама келіп түсті. Ол жерде темекі шегу Қазақстан заңнамасымен тыйым салынған, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Грузия азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған жерлерде темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды тұтыну) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Дәл сол күні екі қазақстандық азамат әуе кемесінің бортында темекі тартқаны үшін Алматы әуежайында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар Алматы облысының және Алматы қаласының 43 жастағы тұрғындары болып шықты.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігі (Темекі бұйымдарын, оның ішінде әуе кемесінің бортында қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды тұтыну) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 35 000-нан астам құқық бұзушыны, оның ішінде белгіленбеген орындарда темекі шеккені үшін 752 құқық бұзушыны жауапқа тартқан болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: