Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан Ресейге аса ірі көлемде есірткі өткізу үшін сотталған экстрадицияланды

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 17:33 ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Азаматтарды экстрадициялау екі ел арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-бөлігінің "а" тармағымен сотталған Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан Ресейге экстрадицияланды. Осы іс бойынша сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2009 жылдың мамыр айының басында сотталған К. есірткі және героинді сату арқылы заңсыз материалдық байытуға бағытталған ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны анықталды.

Қылмыскер ұсталып, Шығыс қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/15 қауіпсіздігі ең жоғары мекемесіне қамауға алынды. Мерзімнің көп бөлігі аяқталғаннан кейін сотталған Бас прокуратураға Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы өтініш жазып, онда қазіргі уақытта оның отбасы мен туыстары тұратынын жеткізді. Ресей тарапынан қажетті ақпарат пен сотталғанды қабылдау туралы растауды алған ҚР Бас прокуратурасы жазасын өтеушіні экстрадициялауға келісім алды.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды экстрадициялау екі ел арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан Ресей Федерациясымен, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Тәжікстан елдерімен экстрадициялау туралы келісім-шарттар жасасқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: