Облыстық білім басқармасы мектеп директорының ұсталуына қатысты пікір білдірді
zakon.kz
Айта кетсек, аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы – "Аалаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Май ауданы мектептерінің бірінің директорының міндетін атқарушы бүгінгі күні мектепте жұмыс істемейді, деп хабарлайды zakon.kz.
- Тергеу шаралары жүріп жатқандықтан, егжей-тегжейлі ақпарат жоқ, сондықтан толық ақпарат бере алмаймыз, - деп басқармадағылар Рavlodarnews.kz-ге түсінік берді.
Айта кетсек, облыстық полиция департаменті нақтылағандай, Май ауданындағы ауылдың бірінде тұратын әйелге микрокредиттік ұйымнан біреу қоңырау шалып, 1 миллион теңге несие қарызын төлеуді талап ете бастаған. Алаяқтарға тап болғанын сезген тұрғын дереу полицияға хабарлаған. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы – "Аалаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Май ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында мектеп директоры ұсталды
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript