Жаңалықтар тізбегі
0

Тәліптер Тәжікстанды жаулауға дайын екендіктерін мәлімдеді

twitter.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2021 23:14 twitter.com
Айта кетсек, Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас қыркүйек айының соңында күрт нашарлады.

Тәжікстандағы "Талибан" ұйымының бөлімі Тәжікстанға басып кіруге дайын отыр. Бұл туралы бірқатар БАҚ содырлардың ресурстарына сілтеме жасай отырып, ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Тәжікстандағы "Джамаат Ансаруллаһ" тобының басшысы Махди Арсалан Тәжікстанға басып кіруге дайын екендерін мәлімдеді. Махдидің өзі Ауғанстанның Дарвоз аймағымен және Тәжікстанның Шамсиддин Шохин аймағымен шектесетін бірқатар аумақтарының басшысы ретінде өзін танытады, делінген хабарламада.

Бұған дейін елдің солтүстік -шығысындағы Бадашхан провинциясы губернаторының орынбасары - молда Нисар Ахмад Ахмади тәліптерден тұратын Ауғанстандағы жаңа билік жанкешті лаңкестерден арнайы батальон құрғанын, оларды мемлекеттік шекараға орналастыруға ниетті екенін айтқан, деп жазады gazeta.ru.

Арнайы батальон "Лашкар -и -Мансури" - "Мансұр әскері" деп аталды (бұл арада содырлардың далалық командирі, 2016 жылы қаза тапқан Ахтар Мансұр қозғалысының жетекшілерінің бірі туралы сөз болып отыр - ред.). Ол шекаралас аудандарда, атап айтқанда Бадашхан провинциясында орналасады. Тәжікстанмен шекаралас бұл аумақ ең ұзыны болып табылады, ал шығысында ҚХР және Пәкістанмен шектеседі.

Айта кетсек, Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас қыркүйек айының соңында күрт нашарлады.

Мәселе Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінен басталды, ол кезде Рахмон тәліптерді сайлау өткізіп, Ауғанстанда тұратын барлық этникалық топтар мен ұлттардың,түрлі саяси қозғалыстар мен көзқарастардың өкілдері негізінде инклюзивті үкімет құруға шақырды.

Талибан - Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: