Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегі әдепсіз ұстаздардың видеосы. Мектеп басшылығы түсінік берді

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2021 15:50 видеодан алынды
Тіпті, бұл айқай-шуға полиция араласып, жан-жақтан талап-арыз қарша бораған болып шықты.

Түркістан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде болған айқай-шудың видеосы желіде тарады. Видеодағы долы әйел - ауыл мектебінің, онда да гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Айқай шудың ортасында жүрген қос ұстаздың да аты аталады. Бірі - Түркістан облысы Көксу ауылындағы мектеп-гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары Райгүл Мұсалиева және тағы бірі - ағылшын тілі пәні мұғалімі Сандуғаш Жақыпова.

Мектеп директорының телеарнаға телефон арқылы берген сұқбатына сүйенсек, дау сағатты бөлу кезінде туған. Татуластырмақ болған әрекетінің де сәтсіз болғанын айтты. Қос мұғалім бір-бірене қол көтеруге дейін барған көрінеді. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр, деді.

Мырзабек ҚАНЫБЕКОВ, Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мектебімізге бүгін Түркістан облысының бақылау департаменті мамандары келді, тексеріп жатыр. Мектептің мектепішілік әдеп кеңесінде де қаралды, бұл кісілердің мәселелері. Бірақ ол жерде де бір тиімді шешім шыққан жоқ. Құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, сол кісілердің шешімін күтіп отырмыз. Соттың да шешімін күтіп отырмыз.

Мектеп директорының айтуынша орынбасары тарапынан қоқан-лоққы көрдім деген үшінші тұлға бар. Барлығы бір-бірінің үстінен талап-арыз түсіріп отыр дейді. Айта кетейік, директордың гимназия сыныптары бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары 41 жаста. Ол бұл лауазымда 2014 жылдан бері отыр. Ал 38 жастағы ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болса, бұл мектепте 18 жылдан бері дәріс беріп келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: