Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде оқушы итке таланды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2021 22:04 видеодан кадр
Алаңсыз келе жатқан жеткіншектердің үрейін ұшырған төбет білім ордасынының маңында қайдан жүр?

Мектеп ауласында оқушы итке таланды. Оқиға Семей қаласындағы нөмірі 44-ші мектепте болған, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Көшеде емес, тапа-тал түсте мектеп ауласында болған жағдай бұл. Сабаққа асығып келе жатқан оқушы қыздардың біріне бұрыштан шыққан ит тарпа бас салған. Таланып қалған жеткіншекті аулада жүрген өзге оқушылар құтқарып алды. Арпылдаған алабайдан қорқып қалған бүлдіршін қазір үйде. Үрейден мектепке барғысы жоқ.

Аяулы, оқушы:

Мені басында тістеді. Сосын мен жүгіріп коридорға кіріп кеттім. Сосын артымнан апайым кірді. Сосын мен шошып жылап тұрғам. Түгелі қарап тұрды. Содан кейін мұғалімім жүгіріп келді. Содан кейін медсестраға апарды. Сол зеленканы жағып берді. Болды.

Қыздың анасының сөзінше, бүлдіршіннің жанында егізі де болған. Ол "баланы ит талап жатқанда мектеп күзеті қайда қарады" деп налиды.

Аягүл Құндақова, қыздың анасы:

Папасымен бірге бардық. Камераны көрейік дедік. Камераны көргеннен кейін мен өзім де шок болдым анда. Анау күшік емес, алабай ит. Баланың үстіне мініп, сонда ешқандай..., завучы қайда, охранасы қайда? Кезек-кезек мұғалім қойсын онда. Охраник егер қарамайтын болса ол жерге.

Белгілі болғандай, аулада жүрген төрт аяқты қаңғыбас ит емес. Оқушылардың бірімен ілесіп келіпті. Мектеп маңында жарты сағаттай жүрген көрінеді. Ал күзетші іште болыпты.

Оразбай Жұмағалиев, №44 жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушы:

Күзетші камерадан көріп, сыртқа шықты ғой. Оның қуалап жүрген видеосы, бәрі бар. Ата-аналардан сұрайтынымыз, әркім өз итіне ие болса, балаларына қосып жібермесе. Себебі осындай жағдайлар болып жатыр. Оған дейін айттық қой, бос жүрген иттерді біз неғұрлым тазалағанбыз ауладан. Мынау енді иесі бар ит болып тұр көрдіңіздер ғой.

Қазір жануардың иесіне 8751 теңге айыппұл салыныпты. Ал алғашқы медициналық көмек қана көрсетілген қыз бала енді бес күн бойы ем алмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: