Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазір халыққа өте қиын!". Зейнеткер мен мүгедектерді зар қақсатқан жігіт сөйлеп отыр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2021 23:00 видеодан алынды
Күдікті адамдарды қалай алдағанын камера алдында айтып берді.

Алматы облысында зейнеткерлер мен мүгедектерді сан соқтырған әккі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен айдың соңында Есік қаласының 66 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне көмекке жүгініп, 80 мың теңге көлеміндегі ақшасын алаяқтық жолмен иемденген белгісіз адамға қатысты шара қолдануды сұраған.

Полицейлер 32 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу барысында ер адамның екі жыл бойы алаяқтықпен айналысып келгені анықталды. Бүгінгі күні оның 17 алаяқтық фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденді, залал көлемі 20 миллион теңгеден асады. Алаяқтықтың негізгі нысаны - зейнеткерлер мен мүгедектер болған. Ер адам қосымша ақыға әлеуметтік төлемдерді, зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіріп беремін деп оларды сендірген.

Күдіктінің осындай сипаттағы қылмыстық әрекетін 2019 жылы бастағаны айтылады.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Еңбекшіқазақ аудандық ПБ тергеу изольяторына тоғытылды.

Күдікті адамдарды қалай алдағанын камера алдында айтып берді.

Иә, көбісі алаяқтың тырнағына ілігеді, себебі тығырыққа әбден тірелген, ақша жоқ, қазір халыққа өте қиын, зейнетақы көлемі кішкентай, қайтеді енді, содан келіп алаяқтарға тап болады... Адамдарға айтарым, ешкімге сенбеңіздер, өйткені алаяқтар да көп қазір. Интернет-алаяқтық деген де бар. Мемлекеттік органға немесе банкке хабарласаңыз мұндайда. Көп оқыңыздар, жаңалықты көріңіздер, алаяқтық туралы күнде айтылып жатады, - дейді ол өз ісіне өкініш білдіре отырып.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: