Павлодарда жол апатынан автокөлік дүкенге кіре жаздады
instagram/dp_pavlodar
Дүкеннің кіреберіс есігінің алдындағы баспалдақтың үстіне шығып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota автокөлігі Павлодардағы дүкеннің кіреберіс есігінің алдындағы баспалдақтың үстіне шығып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
14 қазанда Қатаев көшесінде белгісіз жүргізуші Mercedes-Benz автокөлігімен тұрақта тұрған Toyota автокөлігін соқты. Соққы салдарынан Toyota дүкеннің кіреберіс есігінің алдындағы баспалдақ үстіне шығып кетті.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Mercedes жүргізушісінің жеке басын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жүргізуде.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Жүргізуші ұсталғаннан кейін оған қолданыстағы заңнама шеңберінде шара қолданылады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript