Алматыда жанар-жағармай толы екі цистерна рельстен шығып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 02:33 zakon.kz
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер бүгін, 14 қазанда екі цистернаның рельстен шыққаны туралы ақпарат түскенін айтты.

Әлеуметтік желіде Алматы әуежайы маңындағы теміржолда жанар-жағармай толы цистерналар аударылғандығы туралы ақпарат пайда болды. ТЖД-дағылар жанғыш сұйықтықтың төгілмегенін мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әуежайында, алдын ала ақпарат бойынша, портқа тақар жолда жанар-жағармай толы екі цистерна рельстен шығып кеткен.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер бүгін, 14 қазанда екі цистернаның рельстен шыққаны туралы ақпарат түскенін айтты. Сағат 17: 53-те Түрксіб ауданындағы теміржол рельстеріне 12 өрт сөндіруші мен құтқарушылар аттанды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2021 02:33

Алайда жанғыш сұйықтықтың төгілуі мен өрт болған жоқ, құрбандар мен зардап шеккендер де жоқ, - делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: