Нұр-Сұлтанда полиция арнайы операция өткізді
Нұр-Сұлтанда полицейлер арнайы операция өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қала аумағында заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды. Қылмыстық топты бұрын ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдар құрған.
Жедел уәкілдер топтың нақты иерархиясын және қылмыскерлердің рөлдерін бөлуді анықтады.
«Топтың бір мүшелері жалған ойыншылар мен дилерлерге, басқалары таңбаланған карталармен қамтамасыз ету және үй-жайларды таңдау, үшіншілері әлеуетті ойыншыларды және "құрбандар" таңдауға жауап берді», - деді Нұр-Сұлтан ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Дмитрий Демидов.
Қылмыстық топты ұстау операциясын полиция қызметкерлері елорданың жабық мекемелердің бірінде өткізді, онда кезекті "ойын" ұйымдастырылды.
Тінту барысында полицейлер құмар ойындарын өткізу үшін қомақты қаражат пен басқа да қажетті атрибуттарды, соның ішінде арнайы техникалық құралдарды тәркіледі.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар мен қатысушылар ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бақытжан Отарбаева