Атырауда қызғаншақ еркек туысының үйіне жасырын камера орнатқан

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2021 04:10 pxhere.com
Күдікті жуынатын бөлмеге камераны да, оған тоқ беретін құрылғыны да орнатқан.

Атырауда жуынатын бөлмеден жасырын камера тапқан 36 жастағы қала тұрғыны полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция тексеру жүргізіп, оны арыз жазған әйелдің күйеубаласы орнатқанын анықтады.

Күдіктінің айтуынша, ауданнан қаладағы әпкесінің үйіне жиі баратын келіншегін қызғанған. Камераны да, оған тоқ беретін құрылғыны да орнатқан.

35 жастағы күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, - дейді Атырау қалалық ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: