Алматы облысында сатушы тұтынушыны өлтірді
Алматы облыстық ПД
Сатушының айтуынша, дүкенге келген тұтынушы мас болып, төбелес шығарған.
Алматы облысының полицейлері мас клиентті өлтірді деген күдікпен дүкен сатушысын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, 17 қазанда сағат 10 шамасында Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарасай ауданы, Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінің жанынан зорлық белгілері бар ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына шұғыл жеткен тергеу-жедел тобы ақпаратты растады. Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тергеуші ПД-ға қарасты өзге басқармалардың қызметкерлерімен бірге марқұмның жеке басын анықтауға қол жеткізді. Ол 54 жастағы Тұрар ауылының тұрғыны болып шықты. Осыдан кейін күдікті анықталып, Жібек жолы ауылының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдымен ол өз кінәсін мойындаудан бас тартты, содан кейін алынған дәлелдер ұсынылғанда кісі өлтіргенін мойындап, қылмыс құралы - пышақты шығарды, деп хабарлайды облыстық ПД.
Сатушының айтуынша, дүкенге келген тұтынушы мас болып, төбелес шығарған.
Жанжал кезінде сатушы ер адамның кеудесіне пышақ сұғып, салдарынан ол мерт болған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша бірыңғай тізілімге тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript