Атырауда бірнеше рет пара алған полицей жеті жылға сотталды
Атырау қаласының No2 қалалық соты Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Жомартовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Полицей қоластындағылардан бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің пара беруі мен алуына қатысты сотқа жауаптының туыстары мен БАҚ өкілдерінен басқа айыпталушылардың бұрынғы ұжымы да қатысты, - деп хабарлады "Мой город" порталы Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляциялық шағым беруге құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы тоғыз айлық жұмысының қорытындысы бойынша өткен брифингте құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлық бойынша рейтингінің бастапқы үштігін құрайтынын айтты. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері арасында 18 сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық фактісі тіркелді.