Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлдағы құрылыста жұмысшы қаза тапты. Кінәлілер жауапқа тартыла ма?

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 20:36 Павел Михеев / zakon.kz
Төлеген Оспанқұлов мұндай фактінің бар екенін растады.

ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ брифингінде Петропавлдағы құрылыс алаңында жұмысшы көз жұмғаны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Журналистер бірнеше күн бұрын Петропавлдағы құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапқанын еске салды.

БАҚ-та СҚО әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы бұл жағдайға қатысты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында еңбек келісімшарты болмағаны туралы, бұл өндірістік жарақат емес деген шешімге келген. Бұл жұмыс беруші жазасыз қалады деген сөз бе? - деп сұрады журналистер.

ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мұндай фактінің бар екенін растады.

Біз бұл мәселені бақылауға алдық. Біз кеше Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек инспекциясына істі қайта қарауға тапсырма бердік. Менің ойымша, біз әділдікті қалпына келтіреміз және егер факті расталса, онда біз осы жазатайым оқиға өндірісте болған деген шешімге келеміз, - деп сендірді ол.

Ол сонымен бірге марқұмның бұл кәсіпорында бір күн жұмыс істегенін айтты. Оның айтуынша, жұмыс беруші қолданыстағы нормаларды өрескел бұзған.

Қазір біз толық айта алмаймыз, өйткені бұл мәселе бойынша тергеу жүріп жатыр. Бірақ бізге берілген ақпарат бойынша, бұл қызметкер еңбек шартынсыз, қауіпсіздік құралдарынсыз жұмыс істеді. Яғни, онымен ешқандай нұсқаулық жүргізілген жоқ. Бірақ аталған жазатайым оқиғаны өндіріс орнымен байланыстырмады, деп түйіндеді Оспанқұлов.

Қайғылы оқиға 14 қыркүйекте болған. Мектепке жылу желісін салу кезінде плиталар ер адамға құлады. Алған жарақатымен жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер 40 жастағы петропавлдықтың өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ бір аптадан кейін ол қайтыс болған.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: