Ресейде оқ-дәрі зауыты жарылып, адамдар қаза тапты

ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 22:18 ТЖМ
Рязань маңындағы зауытта қатты жарылыс болды.

Ресейдің Рязань облысындағы оқ-дәрі шығаратын цехта таңертең жарылыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

«12 адамның денесі табылды, әлі төрт адам іздестіріліп жатыр», - деді Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.

Жарылыс кезінде 17 адам жұмыста болған.

«Сағат 8.00-де ауысымнан соң, цехтағы өндірістік жабдық қосылған кезде жарылыс болған. №402 ғимаратта 150 шаршы метр аймақтың төбесі құлаған», - деді ТЖ қызметінің өкілі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 22:18

Цех жарылғыш заттарды өндіру және сақтау және оқ-дәрілерді жоюмен айналысатын компанияға тиесілі екен.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2021 22:18

Дайана Тоқберген

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: