Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда оқушысы өз-өзіне қол салған мектепте тексеріс басталды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 06:00 pixabay.com
Жалпы соңғы он күнде өңір мектептерінде екі қайғылы жағдай тіркелді.

Түркістан облысында 9-сынып оқушысы асылып қалған мектеп басшылығына қатысты тексеріс басталды. Мұны облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды zakon.kz.

Түлкібас ауданы Састөбе ауылындағы мектеп директорының қос орынбасарына қатаң сөгіс беріліп, тәрбие мен білімге жауапты тұлғалар лауазымынан босатылған. Басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова, 1,5 мыңнан астам бала оқитын ауыл мектебінде, педагог-психологтың жұмысы ақсағанын жасырмады. Жауапты өкіл аймақтағы білім ошақтарында әлімжеттіктің болып тұратынында мойындайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ардақ САДЫҚОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз қазір айта алмаймыз әлімжеттік болды деп. Бірақ жалпы ондай мәселе бар облыстағы мектептерде орын алады. Сол бойынша да біз жұмыс жасап жатырмыз. Жан-жақты шаралар көріліп жатыр. Қабылданып жатыр шаралар.

Жалпы соңғы он күнде өңір мектептерінде екі қайғылы жағдай тіркелді. Өткен аптада 5-ші сынып оқушысыны қатарластарының соққысынан соң, көз жұмған. Ал 11-ші қазан күні Түлкібас ауданында 9-шы сыныптың баласы өз-өзіне қол салды. Ауыл тұрғындары 15 жастағы баланың суицидке баруына жоғары сынып ұлдарының ақша бопсалап, әлімжеттік жасауы себеп болғанын айтуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: