Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда екі алаяқ бөтеннің құжаттарын пайдаланып, 4 млн теңге несие тіркеткен

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2021 22:43 zakon.kz
МҚҰ атынан шағым-арыз полицияға 41 адамнан төлем кешіктіріліп жатқаннан келіп түскен. Барлық "қарыз алушыларды" тапқан полиция олардың несие алуға қатысы жоқтығын анықтады.

Алматыда екі алаяқ бөтен біреулердің құжаттарын пайдаланып, 4 миллион теңгеден астам несие тіркеткен. Күдіктілер екі жыл ішінде 41 адамның төлқұжат деректері бойынша шағын несие алған, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар 26 жастағы ер адам мен 27 жастағы келіншек. Ерлі-зайыптылар Алматыда тіркелген микроқаржы ұйымына қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

2019 жылдан бері олар сатып алынған тауардың ақшасын аударамыз деген желеумен интернет-дүкендердің сатушыларынан ЖСН мен банк картасының деректерін алып отырғаны анықталды. Сатушылардың төлқұжат мәліметтерін пайдалана отырып, олар микроқаржы ұйымының сайтына кіріп, онлайн режимде шағын несие алуға өтініш береді. Ақшаны алғаннан кейін олар қайтадан сатушылармен хабарласып, ақшаны оларға абайсызда аударып алғандарын айтып, басқа банк картасына қайта жолдауды сұрайды, - дейді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

МҚҰ атынан шағым-арыз полицияға 41 адамнан төлем кешіктіріліп жатқаннан келіп түскен. Барлық "қарыз алушыларды" тапқан полиция олардың несие алуға қатысы жоқтығын анықтады.

Күдіктілерге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Құжаттар үкім шығару үшін сотқа жолданды. Күдіктілер қамауда отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: