Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтандағы көпірде болған жол апатына қатысты түсінік берілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2021 21:17 zakon.kz
Санжар Әділов бұл ЖКО қоғамдық резонанс тудырғанын мойындады.

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде Нұр-Сұлтандағы көпірде болған қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Санжар Әділов бұл ЖКО қоғамдық резонанс тудырғанын мойындады.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, қылмыстық істі тергеуде: 345 баптың 4-бөлігі бойынша, "Жүргізушінің абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы", сондай-ақ ҚР ҚК 347 бабының 1-бөлігі бойынша, "ЖКО орнын қалдыруы". Осы қылмыстық іс бойынша, 19 жастағы қала тұрғыны тергеу сотының санкциясымен екі ай мерзімге ұсталды, яғни 2021 жылғы 30 қарашаға дейін күдікті қамауға алынды, деп қосты ол.

Оның айтуынша, қылмыстық іс материалдары бойынша апат 30 қыркүйекте сағат 00:19-да болған.

Тергеу ауыр қылмыс түрі бойынша жүргізіледі, бейнежазбалар алынып, заттай дәлелдер ретінде тіркеледі және қылмыстық іс материалдарында қаралады. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, алдын ала тергеу деректері жариялауға жатпайды, тек прокурордың рұқсатымен ғана хабарланады. Бұл жағдайда барлық бейнежазбалар бар, ЖКО-ның өзі тіркелген, камералар жарамды күйде болған, бейнежазбалар қоса тіркелген. ЖКО-ға кінәлі азамат қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасуда және аяқталу сатысында тұрған сот сараптамаларының нәтижелерін алу бойынша қылмыстық іс прокурор арқылы сотқа берілетін болады, деп түйіндеді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте Toyota Camry мінген 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, қарсы қозғалыс жолына шығып, 28 жастағы жүргізуші басқарған Nexıa Ravon-мен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тауып, біреуі жарақат алып ауруханаға жеткізілді.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: