UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады: іс қашан сотқа беріледі

UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы жол апатына ұшырады: іс қашан сотқа берілуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 13:17 Сурет: Instagram/zhambyl_police
2025 жылғы 13 қарашада Сенат қабырғасында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан жол-көлік оқиғасы (ЖКО) бойынша істің егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Вице-министрдің мәліметінше, қылмыстық іс ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқару немесе пайдалану ережелерін бұзу, салдарынан адам өліміне әкеп соққан қылмыс") бойынша тергелуде.

"Қазіргі уақытта тергеудің барлық негізгі шаралары аяқталуға жақын, соңғы кешенді автотехникалық сараптаманы күтіп отырмыз. Нәтижесіне қарай айып тағу және істі сотқа жіберу жөнінде шешім қабылданады", – деді Санжар Әділов.

Вице-министрдің айтуынша, сараптама әдетте бір айға созылады. Журналистер істі биылдың соңына дейін сотқа жіберуге бола ма деп сұрады.


"Иә, тергеуді аяқтаймыз", – деп қысқаша жауап берді ол.

Смертельное ДТП 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург тас жолында болды. Жамбыл облысы полициясының дерегі бойынша, Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі Қарағандыдан Алматыға бағыт алған, басқаруды ұстай алмай, көлікті аударған. Апат салдарынан екі адам қаза тапқан. Әлеуметтік желілерде көлікті UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың жұбайы басқарғаны айтылды. Сондай-ақ Гулайым Рахмонова мен ұлы Шу қаласына жеткізілген. Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: