Атырауда қазақтың студент қыздары көшеде жаға жыртысты
видеодан кадр
Оқиға туралы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Атырау қаласында Бизнес және құқық колледжінің үш студентінің арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Видео Telegram-дағы каналдардың бірінде жарияланды.
Оқиға туралы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Үш жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы ("Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық") бойынша хаттама толтырылып, Атырау облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына жіберілді, деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
azh.kz. жазуынша, колледж басшылығы жас бұзақылармен не істеу керектігін әлі білмейді, олар да сот қаулысын күтуде.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript