Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында полицейлер мен тұрғындар жаға жыртысты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2019 17:11 видеодан кадр
Қазір бұл дерек бойынша облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі басқармасы тексеру жүргізуде.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Атырау-Орал тас жолы бойында полицейлер тұрғындардың біріне қатысты арнайы құралды заңсыз пайдаланған көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Индер ауданына қарасты Есбол ауылында кешкілік болған. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнероликке қарағанда, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қарамағындағы қызметкерлерімен бірге ауылдықтардың қарсылығына тап болған. Есболдықтардың ашуға мінуіне – ауылдықтардың біріне полицейлердің көзден жас ағызатын газ бен резеңке сойыл және электрошокер пайдалануы себеп болыпты. Жерлестерін арашалап алмақ болғандар тәртіпті ысырып қойып, полицейлердің іс-әрекетіне кедергі келтірмек болған.

Қазір бұл дерек бойынша облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі басқармасы тексеру жүргізуде.

Нұрлыбек Көшенов, Атырау облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылдың тұрғындарының полиция қызметкерлеріне қатысты арыз-шағымы бойынша, департамент қызметкерлерінен және өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен комиссия құрылып, Индер ауданына толықтай обьективті қызметтік тексеріс жүргізу үшін жіберілді. Тексеріс қорытындысымен заңды шешім қабылданады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: