Талғарда жүргізуші адам қағып, қашып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 20:17 zakon.kz
Оның видеосы Instagram-да жарияланды.

Алматы облысында жүргізуші ер адамды қағып, оқиға болған жерден қашып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеосы желіде жарияланды.

Облыстық полиция департаменті жол апаты 25 қазанда сағат 20:30 шамасында Талғарда болғанын хабарлады.

Жүргізуші Менделеев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, жол жиегіндегі 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті Талғар аудандық полициясында ҚР ҚК 345 бабының 3-бөлігі және 347-бабы "абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" және "ЖКО орнынан кету" бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта аталған ЖКО-на байланысты тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, адам қаққан жүргізуші мен автомобиль іздестірілуде, деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Дайана Тоқберген

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: