Талғарда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Максим Золотухин / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2021 21:21 Максим Золотухин / zakon.kz
Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.

Талғарда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта аталған ЖКО-ның барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол апаты 25 қазанда сағат 20:30-да Талғарда болған. Менделеев көшесімен батыс бағытта келе жатқан 26 жастағы жүргізуші 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы (Абайсызда адам өліміне және ЖКО орнын қалдыруға әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша Талғар ауданының полициясында тіркелді.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: