Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әртістер жарнамалаған қаржы пирамидасын құрушылар ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2021 05:35 zakon.kz
Сотқа дейінгі тергеуді қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушілері жүргізіп жатыр.

Mudaraban Capital басшысы пирамидалық схема ұйымдастырғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Алматы қалалық полициясы бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов жазды.

2021 жылдың 27 сәуірінде Алматы қалалық полиция департаментіне бір топ азамат қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша "Astex.kz" ЖШС және "ACD Technology" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ұжымдық арызбен жүгінді (ҚР ҚК 217-бабы).

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы шарттар жасасқаны анықталды. Екіжақты құжат бойынша фирмалар ай сайын әрбір салымшыға салған жарна сомасының 20 пайызын төлеуі тиіс болатын, - дейді Алматы қалалық полициясы бастығының орынбасары.

Бұған дейін қылмысқа қатысты төрт күдікті әшкереленіп, оның үшеуі соттың рұқсатымен қамауға алынды.

Сонымен қатар, "Astex.kz" ЖШС-ға 160 инвестордың 2 миллиард теңгеден астам қаражаты басқа компания - "Mudaraban Capital" ЖШС арқылы аударылғаны анықталды. Басқа компаниялар да құрылып, олар арқылы салымшылардан түскен ақша "Astex.kz" ЖШС және "ACD Technology" ЖШС-ға аударылды.

Сотқа дейінгі тергеуді қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушілері жүргізіп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: