Маңғыстау облысында "Ата-мекен 2021" қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар тергелуде
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 2021-2022 жылдар аралығында «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативінің басшысы мен менеджерлері инвесторларға Ақтау қаласында жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ жаңа және пайдаланылған автокөліктерді тиімді шарттармен пайызсыз және үстеме төлемсіз бөліп төлеу принципі бойынша сатып алуды ұсынған. Бағдарламалар бойынша 25 000 000 теңгеге дейін автокөлік және 50 000 000 теңгеге дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға болатын.
Осылайша, бұл кооперативтің әрекеттерінде қаржылық пирамида ұйымдастырудың белгілері анықталып отыр. Анықталған шығын көлемі 50 миллион теңге болды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Күдіктілердің мүлкі мен есепшоттарына тыйым салынды.
ҚР ҚПК 201-бапқа сәйкес тергеп-тексеру мүддесiне қатысты өзге де мәлiметтер жария етуге жатпайды.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript