BINCLOUD қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар тергеліп жатыр

Қаржылық монитринг агенттігі, қаржы пирамидасы, BINCLOUD , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2022 10:36 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
BINCLOUD қаржы пирамидасы WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы елдің ақшалай қаражатын тарта отырып, ұйымдастырылғаны анықталды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

BINCLOUD бағдарламасына сәйкес, жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алады, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық кіріс алады.

Сонымен қатар клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Агенттік BINCLOUD бағдарламасына қатысып, жапа шекккендер болса, Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефонына хабарласуға кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: