Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда алтыншы қабаттан секірмек болған әйелге айыппұл салынды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 02:36 pixabay.com
35 жастағы әйел өзімен бірге тұратын еркекпен ұрысып қалған соң, балконның қоршауына сүйеніп, "секіремін" деп қорқытпақ болыпты.

Оралда алтыншы қабаттан секірмекші болған әйел Қазақстанда тіркеуде болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 27 қазанда орын алды.

35 жастағы әйел өзімен бірге тұратын еркекпен ұрысып қалған соң, балконның қоршауына сүйеніп, "секіремін" деп қорқытпақ болады. Алайда тепе-теңдікті сақтай алмай, құлайын деп қалғанда ер адам оны ұстап үлгереді. Екеуінің арасындағы дау қазір шешілді, – дейді "Мой город" порталы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер отбасы жалдамалы пәтерде тіркеусіз тұрғанын анықтаған. Жалға беруші мен жалға алушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы, "Тұрғын үй иесінің нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі" және ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы "Қазақстан Республикасында тіркеусіз тұруы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: