Павлодар облысында жол апатынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты
pexels.com
Полиция мотоциклді айып тұрағына қамады.
Павлодар облысында жол апатынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 28 қазан күні сағат 17.15-те Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының маңындағы дала алқабында болды.
"Иж" мотоциклінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен, нәтижесінде 46 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мотоциклді айып тұрағына қамады. Апат фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, – деп қорытындылады ведомствода.
Жыл басынан бері Павлодар облысы аумағындағы 451 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апатынан 38 адам қаза тауып, 676 адам жарақат алды.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript