Ақмола облысында 45 жастағы мотоцикл жүргізушісі жол апатынан қаза тапты
Сурет: polisia.kz
8 тамызда сағат 19.40-та Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне Қарасай тас жолында, Көкшетаудағы Дмитриев көшесінің қиылысында адам өлімімен аяқталған жол апаты болғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына барған полицейлер 24 жастағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, 45 жастағы ер адам айдап келе жатқан Kawasaki маркалы мотоциклге жол бермегенін алдын ала анықтады. Жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Автокөлік тәркіленіп, Көкшетаудың мамандандырылған тұрағына қойылды. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript