Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жол апаты, Ақмола облысы, Степногорскі, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2025 14:50 Сурет: Zakon.kz
23 наурызда Степногорск – Заводской тас жолында жол апаты болды. Оқиға орнында алған жарақаттарынан төрт адам қаза тапты, тағы екі баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты ВАЗ автокөлігі мен YUTONG автобусының қатысуымен болғанын нақтылады. Оқиға видеосы мына сілтемеде.

"Апат салдарынан жүргізуші мен көліктегі үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі кәмелетке толмаған жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, оның нәтижелері бойынша процессуальды шешім қабылданады", – делінген хабарламада.

21 наурызда Алматы облысында жеңіл көлік бар жылдамдығымен ағашқа соғылып, үш адам қаза тапқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: