Маңғыстау облысында түйелермен болған жол апатынан екі адам қаза тапты
Сурет: polisia.kz
Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау тас жолында болған жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті. Маңғыстау облысы Қарақия аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне оқиға туралы қоңырау 16 қыркүйекте түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ВАЗ 21154 көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бет алып, екі түйені қағып кеткен.
Екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Бес зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.
Факті ҚР Қылмыстық кодексiнің 345-бабы бойынша тіркелді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript