Land Cruiser мен "ГАЗ-53" жүк көлігі соғысып, бір адам көз жұмды

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 18:39 Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Тас жолда жүк көлігімен жол апаты болып, бір адам қаза тапты.

"Самара-Шымкент" тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі 47 жастағы әйел Ақтөбе қаласы жағынан Қарабұтақ кенті бағытында, "Самара-Шымкент" автожолының 937 шақырымында, Белқопа кентінің маңында жүріп, "ГАЗ-53" маркалы автокөлікпен соқтығысқан, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 18:39

Жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Марқұмның 48 жастағы күйеуі, "ГАЗ-53" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Бақытжан Отарбаева

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2021 18:39

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: