Қайтыс болған НЗМ оқушысының әкесі мәлімдеме жасады
8-сынып оқушысы Сергей Кимнің әкесі Виктор Ким өз отбасында болған қайғылы жағдайға, туған-туыстары мен достарының қайғысына, баланың аруағына түсіністікпен қарауды сұрап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұлымның атын атамауларыңызды, әлеуметтік желілерде, соның ішінде белдемше киюді насихаттайтын оқиғаларды, әрекеттерді және жарияланымдарды доғаруды сұраймын", - деп келтіреді Виктор Романовичтің мәлімдемесін НЗМ сайты.
Сондай-ақ, отбасы оқушыға қысым көрсету және оның психологиялық мәселелері туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Қазіргі уақытта жазатайым оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы кәмелетке толмаған баланың және оның аруағы үшін қосымша ақпараттарды жария етпейді әрі осы оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі түсініктеме бермейді.
Бұған дейін куратор мен сыныптағы оқушылар арасындағы әңгіменің аудиожазбасы жарияланған болатын. Аудио жазбада куратор балаларға қазір қалағандай киінуге тыйым салынатынын айтады.
Айта кетсек, Алматыда сегізінші сынып оқушысы 11-қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Қайғылы оқиға жасөспірімнің мектеп балына белдемше киіп келгенінен кейін орын алған. Оқушы куратордан қатаң сөгіс алып, ол оны мектеп психологына желкелеп апарған. Назарбаев Зияткерлік мектебі қайғылы оқиғаны растады, бірақ суицидтің басқа мән-жайларын жоққа шығарады.