Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік "Азия Авто" АҚ және "Азия Авто Қазақстан" АҚ мәселесіне қатысты түсінік берді

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2020 03:58 gov.kz
Қазіргі уақытта "АЗИЯ АВТО" компаниялар тобы уәкілетті мемлекеттік органға қысым көрсету мақсатында негізсіз және шындыққа сәйкес келмейтін бірқатар деректерді таратуда.

Министрлік көпшілікті ақпараттық арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта "АЗИЯ АВТО" компаниялар тобы уәкілетті мемлекеттік органға қысым көрсету мақсатында негізсіз және шындыққа сәйкес келмейтін бірқатар деректерді таратуда. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Нұр-Сұлтан қаласының апелляциялық сот алқасы бұрын жасалған келісімдер шеңберінде "Азия Авто" АҚ мен "Азия Авто Қазақстан" АҚ алған міндеттемелерін бірнеше рет бұзғанын хабарлаймыз. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 7119-20-00-2/6894 шешімімен қосымша келісім 2017 жылғы 7 сәуірдегі өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге 2019 жылғы 4 қарашадағы № 1 келісім жарамсыз деп танылды, 2017 жылғы 7 сәуірдегі келісім бұзылды. Аталған шешімдерге байланысты холдинг зауыттарында өндіріс пен жұмыс процесін тоқтату жүргізілмейді және компания мемлекеттік преференциясыз өз жұмысын одан әрі жалғастыра алады, делінген хабарламада.

Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім шеңберінде өндірістік қуаттарды салу және пайдалануға беру бөлігінде "Азия Авто" АҚ және "Азия Авто Қазақстан" АҚ міндеттемелерін толық орындаған жағдайда, уәкілетті орган қолданыстағы заңнама шеңберінде мемлекеттік преференциялар беруді көздейтін жаңа келісім жасау туралы мәселе қаралатындығы да айтылады.

Холдинг кәсіпорындарының қызметкерлерін қосымша хабардар етеміз, қызметкерлерді негізсіз жұмыстан босату жағдайында Министрлік аталмыш деректерді тексеру үшін ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясына өтініш беруді сұрайды.

Сондай – ақ, Министрлік машина жасау саласының мамандарын еліміздің басқа кәсіпорындарында одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша қолдауға кепілдік береді, өйткені қазіргі уақытта осы салада мамандар тапшылығы байқалады (холдингтің ақпараты бойынша - "АЗИЯ АВТО" штаттық саны 638 адамды құрайды).

"Осы ретте ҚР ИИДМ ел азаматтарына отандық машина жасауды қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың беделін түсіру мақсатында Холдинг жүргізетін ақпараттық араңдатуларға және қолданылатын "тәсілдерге" бой алдырмау, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпау жөнінде өтініш білдіреді", - дейді министрліктегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: