Алматы облысында әйел бір жасар баласымен қар құрсауында қалды

pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2021 18:26 pixabay
4 қарашаға қараған түні Түйік ауылында жедел жәрдем көлігі ауа-райының қолайсыздығынан тұрып қалды.

Алматы облысында бір жасар бала мен оның анасы қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қарашаға қараған түні Түйік ауылында жедел жәрдем көлігі ауа райының қолайсыздығынан тұрып қалды. Ол өздігінен қардан шыға алмады. Оқиға орнына облыстық ТЖД қызметкерлері аттанды.

Көлікте анасымен бірге бір жасар бала болған. Құтқарушылар оларды Кеген аудандық ауруханасына жеткізді. Баланың жағдайы тұрақты, – деп нақтылады ведомстводан.

Облыста 3-4 қарашада дауылды ескерту жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: