Атырауда жер үйдегі қазандық жарылды, зардап шеккендер бар

Атырау облысының ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2021 20:42 Атырау облысының ТЖД
Ведомство нақтылағандай, өрт сағат 02:15-тен 02:40-қа дейін сөндірілді.

Шағын аудандағы тұрғын үйдегі қазандық жарылып, оның артынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 шағын аудан көшесіндегі жеке тұрғын үйдегі жарылыс 10 қараша күні сағат 01:24-те орын алды. Газдың жарылуы салдарынан 120 шаршы метр аумақты өрт шалды. Нәтижесінде тұрғын үйдің шатыры мен іші толық жанып кетті, деп хабарлады Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2021 20:42

Ведомство нақтылағандай, өрт сағат 02:15-тен 02:40-қа дейін сөндірілді.

Жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті. Олар облыстық ауруханаға жатқызылды, деп қосты облыстық ТЖД.

Өртті сөндіруге ТЖД-нің 16 қызметкері мен алты техникасы, тоғыз адамнан тұратын жедел жәрдем бригадасы (үш бірлік техника), полиция департаменті (сегіз адам және үш бірлік техника) жұмылдырылды.

Бақытжан Отарбаева

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: